ХВҚ: Сауда соғысы әлемдік өсімге қауіпті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ХВҚ: Сауда соғысы әлемдік өсімге қауіпті

02.10.2018

Әлемде жүріп жатқан сауда соғысы дүниежүзілік экономиканың өсімін көмескілендіре бастады. Мұны Халықаралық валюта қорының басқарушы директоры Кристин Лагард Вашингтонда ескертті. Сондай-ақ, ол әлем елдерін өзара дауларды шешіп, ғаламдық сауда ережелерін реформалауға шақырды.

Лагардың мәліметінше, биыл дүниежүзілік жалпы ішкі өнім 2011 жылдан бері ең жоғары деңгейге артып, 3,9 пайызға өсейін деп отыр. Алайда, сауда даулары сауданың өзіне ғана емес, инвестиция мен өндіріске де зиян тигізе бастаған.

 

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу