Гонконгте Қытай билігіне қарсы шеру өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Гонконгте Қытай билігіне қарсы шеру өтті

01.10.2018

Гонконгте сан мың адам шеруге шығып, Қытай билігіне қарсылық білдірді. Демонстранттар Бейжіңнен көбірек бостандық пен жауапкершілікті талап етті.

Демократия мен тәуелсіздік жақтастары орталық көшелерге полиция көп шығарылса да, акцияны тоқтатпай, Қытайды Гонконгтің ішкі істеріне араласуды доғаруға шақырды.

Айта кетсек, Британияның бұрынғы отары - Гонконг Қытайға 1997 жылы «бір ел, екі жүйе» формуласы бойынша қайтарылды. Бірақ, сол кезде Бейжің кеңейтілген автономияны сақтауға кепілдік берсе де, Гонконгта қазір өмірдің барлық салаларында Қытайдың ықпалы күшейіп келеді.

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу