Дубайда 17 млн.доллардың туфлиі көрсетілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дубайда 17 млн.доллардың туфлиі көрсетілді

28.09.2018

Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында әлемдегі ең қымбат туфли саудаға шығарылды. Әйелдерге арналған 17 миллион долларлық немесе 6 миллиард теңгеден асатын аяқ киім жеті жұлдызды Бурдж Әл-Араб қонақүйіне қойылған. 36 өлшемді биік өкшелі туфли саф алтыннан жасалып, жүздеген таза гауһартаспен көмкерілген. Олардың арасында 15 караттық екі бағалы тас бар. Қымбат туфлиді жасауға шеберлер 9 ай жұмсаған екен.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу