Оның мөлшері 0,25 пунктке өсіп, енді 2- 2,25 пайыз аралығында болады. Федералдық резервтің президенті Джером Пауэллдың мәлімдеуінше, Құрама Штаттарда биыл экономика өсіп, жұмыссыздық деңгейі 3,9 пайызға дейін төмендеп, инфляция 2 пайызға жуықтамақ. Сондықтан, мөлшерлемені көтеруге тура келіп отыр. Оның сөзінше, экономикалық дамуды тұрақты ұстап тұру үшін есептік ставканы бірте-бірте жоғарылатып отыру қажет.
Болжамдарға қарағанда, Федералдық резерв пайыздық үстемені биыл желтоқсанда тағы бір рет, келесі жылы үш, 2020 жылы бір мәрте өсіруі мүмкін.
Сарапшылардың пікірінше, АҚШ-та несие пайызының жоғарылауы қарызды доллармен алған мемлекеттерге қаржылық салмақ түсіріп, сол елдердің экономикасын әлсіретіп, инвестицияның қашуына себеп болады.
Арыстан РЫСБЕК
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.