Ұлыбританияда «Брексит» мәселесі бойынша халық пікірі екіге бөлінді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлыбританияда «Брексит» мәселесі бойынша халық пікірі екіге бөлінді

27.09.2018

Ұлыбританияда «Брексит» төңірегінде халық пікірі екіге бөлінді. Лейбористер бастаған оппозиция референдумды қайта өткізу керек деп отыр. Партия жетекшісі Джереми Корбиннің сөзінше, Ұлыбритания үшін Еуро Одақта қалу дұрыс шешім болар еді. Сондай-ақ, лейбористер жақтастарының бірі «біз мәдениетімізді сақтап қалу үшін одақта қалғанымыз абзал, себебі біз бір-бірімізден үйренетініміз мол», - дейді.

Дегенмен, британдықтардың арасында кейбіреулер корольдік Еуропалық Одақтан шығып кетсе де, өркендеп дами алады деп есептейді. «Брексит» жақтастары  «бұл одақтан шығу адамдарда үрей ұялатады, олар аспан айналып жерге түсіп, бізбен ешкім сауда жасамайды деген қорқыныш қалыптасып қалған. Бірақ, сауданың өзінің ережелері бар. Бізден ешкім бас тартып отырған жоқ», деген пікірлер де айтылды.

Айта кетсек, жоспар бойынша Ұлыбритания Еуроодақтан келер жылдың наурыз айында шығуы тиіс.

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу