Үндістанның Химачал Прадеш штаты тұрғындары алапат су тасқынынан зардап шегіп отыр. Бұл жерде дамылсыз жауын нөсерлеткен. Тасқынның күштілігі соншалық, автобус суда қалқып жүр. Табиғи апат таулы штаттың 10 ауданына орасан шығын әкелді. Құтқарушылар апатты аймақ халқын тікұшақтармен құтқару жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жыл сайын нөсерлі маусым кезінде Үндістанға бір жылдық жауын-шашын мөлшерінің 70 пайызы түседі екен.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.