Индонезияда 49 күн бойы теңізде болған бала құтқарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Индонезияда 49 күн бойы теңізде болған бала құтқарылды

25.09.2018

Индонезияда 49 күн бойы теңізде болған жасөспірім құтқарылды. 19 жастағы Алди Новел Адиланг шілденің ортасында ромпонг деп аталатын ағаш платформамен балық аулап жүрген. Кенеттен, сол ромпонгты  ұстап тұрған жіп үзіліп кетіп, күшті желден Адиланг жағаға қайта алмай қалады. Судың ағысымен жасөспірім 2500 шақырым жерге ұзап кетсе керек. Ал, оның азығы бірнеше күнге ғана жетіпті.

Кейін Адиланг теңіздің ащы суын киімімен сүзіп ішіп, өзі мінген плафторманың ағаш тақтайларын жағып, балық пісіріп күн көрген.

Тамыздың соңында Адиланг қолындағы рациямен кемелердің біріне белгі беріп, Гуам аралы маңында құтқарылды. Бала сол кезде әлсіреп қалғанымен, қазір жағдайы жақсарып, туған-туыстарымен қайта қауышып отыр. 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу