Иранның Ахваз қаласында сенбіде болған шабуылға қатысты 22 адам тұтқындалды. Мұны осы елдің барлау министрлігі мәлімдеді. Оған сай, 22 адамның терактіге қатысқандары анықталып, олар қамауға алынған.
Бұған қоса, ұсталғандардан қару-жарақ, байланыс аппараты тәркіленді. Барлаушылар бұл заттардың 5 мүшесі бар қарулы топқа тиесілі екенін де анықтаған.
Естеріңізде болса, Ахваз қаласында сенбіде өтіп жатқан әскери шеру кезінде мінберден оқ жаудырылды. Сол шабуылдан 25 адам қаза тауып, 60-қа жуығы жараланды. Құрбандардың он екісі - Иранның революциялық сақшылары корпусының мүшелері.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.