Португалияда теңізге 400 жыл бұрын батып кеткен кеме табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Португалияда теңізге 400 жыл бұрын батып кеткен кеме табылды

25.09.2018

«BBC»-дің дерегінше, португалдықтар үшін бұл -тарихи маңызы зор жаңалық. Ал, зерттеушілер оны соңғы онжылдықтағы үлкен археологиялық жетістік деп атап отыр. Соңғы деректер бойынша, кеме бөлшектері Кашкайш қаласының маңында 12 метр тереңдікте табылды. Олардың жанында Португалия туы мен елтаңбасы және Қытайдың XVI-XVII ғасырларда жасалған керамикалық ыдыстары мен түрлі заттар жатқан. 

Археологтардың болжамынша, бұл борт 1575 -1625 жылдар аралығында Үндістаннан қайтып келе жатып, апатқа ұшыраса керек.  Дәл сол кезеңде Португалия Еуропа мен Үндістан арасындағы сауда қатынастарының басым бөлігін басқарған.  Табылған заттар жақсы сақталған. 

Бұл аймақта археологиялық жұмыстар Кашкайн әкімшілігінің қолдауымен 10 жыл бойы жүргізіліп келеді.

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу