Иранның Ахваз қаласында сенбі күні әскери парадқа жасалған шабуыл құрбандары жерленді. Оған мыңдаған адам қатысты. Бас-аяғы 25 адам қаза тауып, 60 шақтысы жараланды. Мерт болғандардың 12-сі – элиталық революциялық сақшылар корпусынан. Қанды оқиғаға байланысты елде бүгін ұлттық қаралы күн жарияланып, Хузестан провинциясында мемлекеттік мекемелер, банктер, мектептер, университеттер жұмысын тоқтатты.
Осыдан екі күн бұрын Ахвазда әскери шеру өтіп жатқанда белгісіз біреулер мінбердің артынан оқ жаудырды. Ислам Республикасының басшылығы бұл қастандық үшін Израиль мен АҚШ-ты айыптап, олардан кек алатынын ескертті. Айта кетсек, қанды шабуыл Құрама Штаттар мен оның Парсы шығанағындағы одақтастары Иранды оқшаулауға әрекеттеніп жатқанда ұйымдастырылып отыр.
Арыстан РЫСБЕК
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.