Украина парламенті НАТО-ға өту туралы құжатты қолдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Украина парламенті НАТО-ға өту туралы құжатты қолдады

20.09.2018

Украина парламенті президент Петр Порошенконың елді НАТО мен Еуропа одағына қосу туралы стратегиялық бағдарламасын қолдады. Ол құжатқа 321 депутат дауыс берген. Сондықтан, сот бұл заңды қарастырып, енді Украина Конституциясына өзгерту енгізу қажет пе деген мәселені шешуі тиіс.

Соттың оңтайлы шешімінен кейін ғана парламент Украинаның аталған екі блокқа қосылу ниетін Конституцияға енгізу бойынша соңғы рет дауыс береді.

Бұған дейін Киев Еуропа одағымен кең ауқымды сауда келісіміне қол қойып, ол құжат былтыр қыркүйекте өз күшіне енді. Сондай-ақ, Украина өзінің шығысында көтеріліс басталғалы, НАТО-ға да өтуге талпыныс жасап келеді. Алайда, Ресей өз шекарасының ар жағында Солтүстікатлантикалық альянс әскерінің пайда болуына әу-бастан қарсы.

 

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу