АҚШ Пхеньянмен қайта келіссөз жүргізуге әзір - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ Пхеньянмен қайта келіссөз жүргізуге әзір

20.09.2018

Америка Құрама Штаттары Солтүстік Кореяны 2021 жылға дейін ядролық қарудан бас тарттыру жөніндегі келіссөздерді қайта бастауға әзір. Мұны АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео мәлімдеді. Айта кетсек, сәрсенбі күні Пхеньянда екі Корея басшыларының саммиті аяқталып, онда тараптар ортақ келісімге қол қойды. Сондай-ақ, Ким Чен Ын елдің негізгі зымырандық нысандарын шетелдік инспекторлардың көзінше жоюға келісіп, басты ядролық кешенін жабуға ниет білдірді. Бірақ, соңғысын орындау үшін АҚШ тарапынан тиісті жауап болуы тиіс.

Ким мен Мун Чжэ Ин биылдыққа осымен үшінші рет кездесіп отыр. Мун мыңдаған солтүстіккореялықтың алдында сөз сөйледі. Екі Корея тарихында мұндай оқиға бұрын болған емес.

Ким Чен Ын маусымда Сингапурда АҚШ президенті Дональд Трамппен де кездесті. Бірақ, содан кейін Корей түбегін ядролық қарудан тазарту жөніндегі Пхеньян мен Вашингтон арасындағы келіссөздерден ешқандай прогресс байқалмай, екі жақтың қатынасы қайта бұзылғанды.

 

Арыстан РЫСБЕК 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу