Сирияда Ресей ұшағы жоғалып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сирияда Ресей ұшағы жоғалып кетті

18.09.2018

Сирияда Ресейдің ИЛ-20 ұшағы бортындағы 14 адамымен радар экранынан жоғалып кетті. Бұл оқиға Израиль мен Франция күштері осы елде нысандарға шабуыл жасаған сәтте болған. Ал, АҚШ өкілдерінің мәлімдеуінше, электрондық барлауға пайдаланылған әуе машинасын Сирия армиясының артиллериясы абайсызда атып түсірді. Дегенмен, ресми Дамасктің мәлімдеуінше, Ресейдің әуе базасының маңында орналасқан Латакия қаласына «жаудың зымырандары» шабуыл жасаған. Оларды үкімет әскері жауапсыз қалдырмапты.

ТАСС агенттігінің хабарлауынша, ИЛ-20 Жерорта теңізінің үстінде, Сирия жағалауынан 35 шақырым қашықтықта ғайып болды.

 

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу