Сириядағы көтерілісшілер бақылауындағы соңғы бастион - Идлиб провинциясы айналасында буферлік зона құрылады. Ресей және Түркия президенттері Сочидегі келіссөзден кейін осылай деп мәлімдеді. Идлиб периметрі бойына құрылатын қарусыз зонаның ені 15-20 шақырым болмақ. Сондай-ақ, ол 15 қазанға дейін құрылады.
Екі президент қол жеткізген келісімге сай, буферлік аймақты түрік және ресейлік әскери полиция қадағалайтын болады. Сонымен бірге, қазанның 10-на дейін бұл жерден оппозициялық топтардың ауыр қару-жарағы шығарылады. Демек, бұл Сирия президенті Башар Асад әскерінің Идлибке шабуылының әзірге болмайтынын білдіреді.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.