Францияда кедейлер саны көбейіп келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Францияда кедейлер саны көбейіп келеді

13.09.2018

«Францияда кедейшілікті бастан кешірдім» деген адамдардың қатары 40 пайызға жуықтап қалды. Мұны «Француздың халыққа көмек» ұйымының зерттеуі анықтап отыр. Оның дерегінше, екі тұрғынның біреуі нашар тұратынын немесе кедейшілікке жақындап қалғанын айтқан. Сондай-ақ, француздардың 80 пайызы балалары күндердің-күнінде осындай жағдайға душар болады деп қорқады екен.

Бұл баяндама үкіметтің көптен күткен кедейшілікке қарсы жоспары жарияланар қарсаңында жасалып отыр. Ол жоспарды жүзеге асыруға президент Эммануюэль Макрон үкіметі 8 миллиард еуро қаржы жұмсайын деп отыр.

 

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу