Зимбабве астанасы Харареде тырысқақ ауруы өрши түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Зимбабве астанасы Харареде тырысқақ ауруы өрши түсті

12.09.2018

Зимбабве астанасы Харареде тырысқақ ауруы өршіп, төтенше жағдай жарияланды. Инфекциялық дерттен 20 адам көз жұмған. Денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, тағы 2 мыңнан астам тұрғын ауруды лас суды ішу арқылы жұқтырса керек. Бұл елде су тапшы. Тұрғындар ашық  құдықтар мен  ішуге жарамсыз су қоймаларының суын пайдалануға мәжбүр. Он жылдан астам уақыт бойы ауызсу мәселесі өз шешімін таппай келеді. 2008 жылы тырысқақ ауруынан бұл елде 4 мыңнан астам адам қаза тапқан.    

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу