Сирияның Идлиб провинциясындағы тұрғындар Түркиямен шекаралас ауылдарға қашып жатыр. Мұнда жексенбіден бері сириялық және ресейлік әуе күштері шабуылдарын қайта бастады. Өткен аптадан бері Идлибтен 30 мыңнан астам адам шыққан екен.
Олардың айтуынша, әуеден шабуылдаушылар бейбіт тұрғындар немесе қарулы топ деп бөлместен, барлығына оқ жаудырып жатыр. БҰҰ Идлибтегі атыс тоқтамаса, мұның соңы 21 ғасырдағы ең ауыр катастрофаға ұласуы мүмкін екені туралы қауіп айтты.
Айта кетсек, өткен аптаның жұмасында Түркия, Иран, Ресей, яғни «Астана үштігі» Идлибтегі жағдайға қатысты келіссөздер өткізіп, алайда ешқандай ортақ мәмілеге келген жоқ. Ресей мен Иран көтерілісшілерге қарсы ауқымды әскери бастауды қолдаса, Түркия бұған қарсы болды.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.