Шри-Ланка астанасы Коломбоның солтүстігінде орналасқан құбырдан 20-30 тоннадай мұнай төгілді. Оны жинау теңіз күштері мен жағалау қызметінен 300-ге жуық адам тартылды.
Құбыр кемедегі энергетикалық отынды су жағасында тұрған қоймаға құю үшін тартылған. Және де ол жергілікті энергетикалық компаниялардың біріне тиесілі.
Ресми өкілдердің айтуынша, мұнай екі балықшылар ауылының ортасындағы 3 шақырым жерге жайылған. Қазір оқиғаның себебі анықталып жатыр.
Жарты ғасыр бұрын жасалған құбырды ауыстыру жоспары жақында әзірленуі тиіс болған.
Арыстан РЫСБЕК
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.