Басрада демонстранттар әкімшілік ғимаратын өртеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Басрада демонстранттар әкімшілік ғимаратын өртеді

07.09.2018

Ирактың Басра қаласында жүздеген демонстрант провинциялық әкімшілік ғимаратын өртеп жіберді. Мұны жергілікті полиция өкілдері мәлім етті. Соңғы деректер бойынша, ғимарат ішінде адам болмаған. Әзірге зардап шеккендер туралы нақты ақпарат жоқ.

Айта кетсек, Басрада жергілікті тұрғындардың ереуілі бірнеше күнге созылып, қақтығыстардан бас-аяғы 5 адам қаза тапты. Тағы ондағаны жараланған.

Демонстранттар жемқорлық пен жұмыссыздыққа қарсылық білдіріп жатыр. Наразы халық әлеуметтік жағдайларын көтеріп, елде дұрыс реформалар жүргізуді  талап етуде. Ашуға ерік берген тұрғындарды тарату үшін полиция көзді жасаурататын газ бен қару қолданып келеді.                   

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу