Жапониядағы «Джеби» тайфуны салдарынан 6 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жапониядағы «Джеби» тайфуны салдарынан 6 адам қаза тапты

04.09.2018

Жапонияның батыс жағалауына «Джеби» тайфуны соққы беріп, 6 адам қаза тапты. Тағы 600-ге жуық рейс кейінге қалды. Бұл - ел үшін соңғы 25 жылдағы ең күшті дауыл. Қауіпті аймақтардан 1 миллонға жуық адам көшірілген. Екпінді желдің жылдамдығы сағатына 215 шақырымға жетті. Соңғы деректерге қарағанда, дүлей дауыл Сикоку аралынан Хонсю аймағына бет алып, ең ірі қалалардың бірі  - Осакиге қауіп төндіріп тұр. Сондай-ақ, Хиросима мен Осака арасында темір жол қатынасы тоқтаған. Дауыл салдарынан АҚШ елшілігі уақытша жабылды. Дауылға қарсы тұру жұмыстарын қадағалау үшін ел премьер-министрі Синдзо Абэ елдің оңтүстігіне жоспарлаған сапарын кейінге қалдырған.

 

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу