Грекияда жолаушылар паромы өртенді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Грекияда жолаушылар паромы өртенді

29.08.2018

«Элефетриос Венизелос» атты су көлігі елдің Пирея қаласындағы порттан Крит аралына беттеп бара жатқан. Алайда, ол жолға шыққаннан кейін 40 минуттан соң түтіндей бастады. Экипаж шұғыл түрде өртті сөндіріп, паром Пиреядағы портқа қайта оралды.

Куәгерлердің айтуынша, паром іші түтіндеп жатқанда қарбалас басталып, экипаж мүшелері оларға құтқару кеудешелерін таратқан. Көп кешікпей бортта болған мыңнан астам адам жағаға жеткізілді. Оқиға кезінде ешкім зардап шеккен жоқ.

Өрт су көлігінің көліктер тұратын бөлігінде басталған. Ал, оған не себеп болғаны әзірге белгісіз.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу