Сантьягода студенттер еңбек заңына қарсы шеруге шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сантьягода студенттер еңбек заңына қарсы шеруге шықты

24.08.2018
Сантьягода студенттер еңбек заңына қарсы шеруге шықты

Чили астанасы Сантьягода жастардың еңбек заңын реформалауға қарсы шеруі өтті. Жаңа құжатқа сай, студенттер еңбек шартына қол қоюы тиіс. Демек, олардың жұмыс сағаты шектеледі.

Қазір құжатты парламент депутаттары талқыға салып жатыр. Үкіметтің мәлімдеуінше, бұл қадам жастарды жұмыспен қамтуға көмектеседі. Ал, студенттер болса, «реформа кірісті төмендетіп, оқу ақысын өздері төлеп жүрген жастарға ауыртпалық салады», - дейді.

Полиция өз еркімен тарамаған шерушілерге су шашуға мәжбүр болған. Акция соңы тәртіпсіздіктерге ұласып, бірнеше адам ұсталды.   

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу