Оңтүстіккореялық 89 отбасы мүшелері Солтүстіктегі туыстарымен 65 жылда алғаш рет сағына көрісті. Олар бір-бірімен 1950-1953 жылдардағы соғыстан кейін жүздеспеген. Кездесу Солтүстік Кореядағы Кумган тауы аймағындағы саяжайда өтіп жатыр. Бірін-бірі көптен көрмеген туысқандар 11 сағат бойы әңгімелескен. Кездесу үш күнге созылады.
Ал, бейсенбіде Оңтүстік Кореядан тағы 90-ға тарта жанұя мүшелері келіп Солтүстіктегі жақындарымен қауышады. Жалпы алғанда, 57 мыңдай оңтүстіккореялық көршілес мемлекеттегі туыстарын көруге өтініш берген екен.
Айта кетсек, өткен ғасырдың ортасындағы соғыс ондаған мың жанұяны ажыратқан. Екі мемлекет арасындағы келіссөздер нәтижесінде оларға қайта табысатын мүмкіндік енді ғана туып отыр.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.