Алагоас штатында қуаңшылықтан 38 қалада төтенше жағдай жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алагоас штатында қуаңшылықтан 38 қалада төтенше жағдай жарияланды

20.08.2018

Бразилияның солтүстік-шығысындағы Алагоас штатында қуаңшылық пен су тапшылығы 200 мың адамға кері әсер етіп отыр. Осыған орай штаттың 38 қаласында төтенше жағдай жарияланған. Бұл апатпен күреске әскерилер жұмылдырылып, арнайы қаражат бөлінбек.

Жүгері, темекі өсірумен айналысатын шаруалар биыл өнімнің мардымсыз болғанын айтады. Құрғақшылық салдарынан олардың күн көрісі төмендеген. Тіпті, күнделікті пайдаланатын суды тұрғындар мотоциклге мініп, шалғайдағы аудандардан тасуға мәжбүр.

Бразилияның солтүстік-шығысы қуаңшылыққа бейім, алайда аймақтарды дамыту бағдарламалары бұл мәселені тіптен ушықтырып отыр.   

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу