Мәскеуде аналар маршы өтіп, онда демонстранттар түрмеден жастарды босатуды талап етті. Айта кетсек, осыдан бес ай бұрын «Жаңа ұлылық» деген топтың 10 мүшесі тұтқындалды. Олардың екеуі – жасөспірім қыздар.
Қамалғандарға «экстремистік ұйым құрды» деген айып тағылған. Тергеушілердің ойынша, бұл топ халықтық көтерілістер мен революциялық іс-әрекеттерге қатысып, биліктің өкілдерімен қақтығысуды жоспарлаған.
Алайда, тұтқындалғандардың адвокаттарының сөзінше, айыпталушылар ФСБ-мен сыбайласқан арандатушылардың құрбанына айналып, темір торға тоғытылып отыр.
Арыстан РЫСБЕК
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.