Шектеу шаралары елдің автомобиль саласы, алтын және өзге де металлдар саудасына қатысты қабылданған. АҚШ президенті Дональд Трамп «Твиттердегі» парақшасында санцкиялардың Иранға ауыр соғатынын ескертті. Бұл шектеу ирандық компаниялар және олармен бірлесе жұмыс істейтін шетелдік фирмаларға да тарайды.
Сарапшылар мұның алдындағы санкциялардан әлі есін жия қоймаған Иран экономикасына қосымша соққы боп тиетінін айтуда. Дегенмен, Ислам Республикасының президенті Хасан Рухани АҚШ-тың талаптарын ескеретін жаңа ядролық келісім жасауға үзілді-кесілді қарсы. Айта кетсек, Трамп Иранмен арада 2015 жылы жасалған келісімнен шығатынын биылғы мамыр айында жариялаған еді. Вашингтонның бұл әрекетін Еуропа елдері қолдамай отыр.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.