Азияның шығысында күн ысыды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Азияның шығысында күн ысыды

02.08.2018

Азияның шығысындағы елдерде күн шыжып кетті. Аптап ыстық Оңтүстік Корея, Жапония мен Қытай елдерінде сезіліп отыр. Жапонияда сынап бағанасы 35 градусты көрсетіп тұр. Мұндай ауа райынан елде 96 адам қайтыс болған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 4 есе көп.

Ал, Оңтүстік Кореяда ыстықтан 29 адам қайтыс болып, 2 мыңнан астам тұрғын ауруханада жатыр. Ел астанасы Сеулде ауа температурасы 38 градусқа жоғарылады. Мұндай ыстық елде 1907 жылдан бері болмаған. Осыған ұқсас ауа райы Қытай астанасы Бейжіңде де сақталып отыр.  

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу