Эйфель мұнарасы екінші күн қатарынан жабық тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Эйфель мұнарасы екінші күн қатарынан жабық тұр

02.08.2018

Париждің басты символы - Эйфель мұнарасы екінші күн қатарынан жабық тұр. Бұған нысан персоналының ереуіл жариялауы себеп. Мұнара қызметкерлері оны тамашалауға келген туристердің ұзын-сонар кезегінің түзілуіне қарсы. Шілдеде қабылданған жаңа жүйеге сай, мұнараға кіру үшін уақыты белгіленген билеттер сатылымға шықты. Ал, әдеттегі билет алуға кезекке тұратын адамдар үшін бұл қолайсыз. 

Олар тәртіп бойынша кіру уақыты жазылған, билеттері бар адамдарды өткізіп, өздері ыстықта 3-4 сағат бойы күтуге мәжбүр. Мұнара қызметкерлерінің сөзінше, күтуден қажып, кейде төзімдері таусылатын келушілермен жұмыс істеу оңай емес. 

Лиза Хартлей, австралиялық турист:

- Біздің көңіліміз қалды. Эйфель мұнарасы қызметкерлерінің кезекке тұратын адам санын азайту үшін күресіп жатқанын түсінемін. Дегенмен, өте өкінішті. Парижді тамашалауға арнайы келіп едік. Екі күннен кейін саяхатымыз аяқталады.    

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу