Балтық суларында улы балдырлар көбейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Балтық суларында улы балдырлар көбейді

02.08.2018

Балтық теңізі мен Финляндия көлдерінде соңғы бірнеше аптада улы балдырлар көбейіп кетті. Ғалымдардың сөзінше, бұған климаттың өзгеруі себеп. Қалыптан тыс ыстық ауа райы мен желдің болмауы, бұған қоса, тамақ өнеркәсібінде қолданылатын азот пен фосфордың судағы мөлшерінің шамадан тыс асуы да улы балдырлардың көбейіне жол ашып отыр. Ғалымдар қауіпті су өсімдіктерін жинап алып, олардың құрамын зерттеуге кірісті. Сонымен бірге, Польша, Швеция, Литва тұрғындарына балдыры көп суда шомылуға тыйым салынды.   

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу