Криштиану Роналду 19 млн. еуро айыппұл төлемек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Криштиану Роналду 19 млн. еуро айыппұл төлемек

27.07.2018

Әлемге әйгілі футболшы, ең үздік ойыншыға берілетін «Алтын допты» бес рет иеленген Криштиану Роналду 19 млн. еуро көлемінде айыппұл төлейді. Оған «салықтан жалтарды» деп айып тағылған еді. Бүгінгі мәліметтерге сай, футболшы кінәсін мойнына алып, Испанияның салық органдарымен келісімге келген. Бұған қоса, Роналду шартты түрде 2 жылға қамалады.

Алдымен Роналду 3,2 млн. еуро айыппұлын өтеуі тиіс. Содан кейін 5,7 млн. еуромен бірге 2 жылдық жазасының әр күні үшін 250 еуро төлейді.

Испания әділет органдары жақында Италияның «Ювентус» клубына ауысқан Криштиану Роналду 2011-2014 жылдары салық төлемеді деп айыптап отыр.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу