Сирияда «ДАИШ» тобының содырлары жасаған шабуыл құрбандарының саны 216-ға жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сирияда «ДАИШ» тобының содырлары жасаған шабуыл құрбандарының саны 216-ға жетті

26.07.2018

Сирияда «ДАИШ» тобының содырлары жасаған жойқын жарылыстар құрбандарының саны 216-ға жетті. Бүгін Свейда провинциясында оларды жерлеу рәсімдері өтіп жатыр. Бірақ, штаб-пәтері Британияда орналасқан адам құқығын бақылау ұйымының мәліметінше, 246 адам мерт болды. Олардың 135-і – бейбіт тұрғын. Ал, жараланғандардың саны 150-ге жетіп отыр.

«ДАИШ» жанкештілері бірнеше ауылда өздерін жарған.

Айта кетсек, экстремистік ұйым бұл соғыста жеңіліске ұшыраған-ды. Бірақ, «ДАИШ» Сирияның оңтүстігі мен шығысында кейбір территорияларды әлі бақылауда ұстап тұр.

«ДАИШ»-тың осы жолғы терактілері Сирия армиясының оңтүстікті қайтару операцияларының басталуымен тұспа-тұс келді.

 

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу