Германияның Мюнхен қаласында басқарушы партия саясатына қарсы шеру өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Германияның Мюнхен қаласында басқарушы партия саясатына қарсы шеру өтті

23.07.2018

Германияның Мюнхен қаласында канцлер Ангела Меркельдің Бавария жеріндегі одақтас партиясының мигранттарға қатысты ұстанымына қарсы шеру өтті. Наразылық акциясына кейбір мәліметтерге сай, 25 мың, ал, өзгелеріне қарағанда 50 мыңдай адам қатысқан.

Ұйымдастырушылардың мәлімдеуінше, Бавария федералдық жерін басқаратын Христиан-әлеуметтік одағы босқындарға қатысты «жауапсыз бөлшектеу саясаты» үшін сыналып жатыр. Айта кетсек, бұл бірлестік - Ангела Меркельдің Христин-демократиялық одағына еншілес партия.

Шерушілердің пікірінше, олар «қорқыныш саясатын» жүрізіп отыр. Өткен аптада аталған одақтың лидері және Ішкі істер министрі Хорст Зеехофер ауғандық мигрантты туған күнінде Кабулға депортациялағаны үшін өткір сынға ұшыраған еді.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу