АҚШ-та су автобусы апатынан 11 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-та су автобусы апатынан 11 адам қаза тапты

20.07.2018

АҚШ-тың Миссури штатындағы көлде амфибия-автобус суға батып, 11 адам қаза тапты. Апатқа күшті жел тұрып, толқынның 1 метр биіктікке көтерілуі себеп болған.

Туристерге арналған су автобусында барлығы 30 шақты адам болды. Олардың арасында балалар бар. 7 адам ауыр жараланып, ауруханаға түскен. Із-түзсіз жоғалып кеткен бес кісіні дайверлер іздестіріп жатыр.

Оқиға орнына жедел жәрдем көліктері мен полиция жетті.

Амфибия-автобустар туристер арасында аса танымал. Дегенмен, бірқатар елдерде осы көліктердің бірнеше мәрте суда аударылу фактілері тіркелген. Сондықтан, оларды дауыл кезінде суға шығаруға болмайды.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу