«Технологияларды коммерцияландыру» жобасы аясында еліміздегі ең үздік 49 ғылыми жұмыс анықталды.
Астанада басталған Халықаралық форум аясында аталған жұмыстар жан-жақты таныстырылды.
Енді бұл жобаларды әрі қарай дамытып, өндіріске қосу үшін республикалық бюджеттен 61 миллион теңге қарастырылды.
Сондай-ақ, Дүниежүзілік банктен 13 миллион АҚШ доллары бөлінбекші.
Үкімет енді технологияларды коммерцияландыру менеджерлерiнiң санын арттыруды көздеп отыр.
Шынар АСАНҚЫЗЫ