Ел парламенті - Кнессет осындай заң қабылдаған. Енді мемлекеттің ресми тілдерінің бірі саналып келген араб тілінің мәртебесі төмендемек. Бұған қоса, заңда Иерусалим Израильдің біртұтас және ажырамас астанасы деп жарияланды. Ал, Біріккен Ұлттар Ұйымының резолюциясы бойынша, Иерусалимнің шығысы палестиналықтарға берілуі керек.
Бұл заңға қатысты пікірталас парламентте 8 сағаттан астам уақытқа созылған. Оны 62 депутат қолдап, 52-сі қарсы шықты.
Кнессеттегі араб ұлтынан шыққан депутаттар даулы құжатты сынға алса, премьер-министр Биньямин Нетаньяху оның қабылдануын маңызды сәт деп мәлімдеді.
Израильдің 9 миллион халқының 20 пайызы - арабтар. Олар Израиль азаматтарына тиесілі құқықтардың бәріне ие болғанымен, өздерін екінші деңгейлі азаматтар ретінде сезінетінін мәлімдеп келеді.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.