Биылғы жылдың екінші тоқсанында оның жалпы ішкі өнімінің өсімі 6,7 пайыз болған. Бұл - бірінші тоқсанға қарағанда азырақ. Қытай экономикасы қарқынының бәсеңдеуіне АҚШ-пен арадағы сауда соғысы, мемлекеттік қарыз көлемінің өсуі ықпал етіп отыр.
Айта кету керек, Құрама Штаттар жалпы құны 200 миллиард долларға жететін қытайлық тауарларға баж салығын енгізді. Президент Дональд Трамптың сөзінше, алдағы уақытта бұл көрсеткіш 500 миллиард долларға жетпек. Осыған орай, Бейжің Вашингтонды «экономика тарихындағы ең ірі сауда соғысын бастады», деп айыптап отыр.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ