Мұнай бағасы 75 долларға дейін қайта қымбаттады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мұнай бағасы 75 долларға дейін қайта қымбаттады

12.07.2018

Әлемде мұнай бағасы осыдан бірнеше сағат бұрын 2,3 пайызға немесе 75 доллар 10 центке дейін өсті. Оған Халықаралық энергия агенттігінің нарықта бұл шикізат мөлшерінің шектеулі екенін мәлімдеуі және АҚШ-та отын қорының азаюы себепші. Айта кетсек, өткен тәулікте мұнайдың «Брент» маркасы бірден 7 пайызға жуық құнсызданып, оның баррелі 73 доллар 40 центке сатылған-ды. Бұған Ливияның нарыққа мұнайды бұрынғыдан көп шығару жоспары түрткі болды.

Көмірсутегінің бағасы бірнеше айдан бері көтеріліп келеді. Дегенмен, АҚШ президенті Дональд Трамптың Иранға қайта санкция жариялауы және Америка мен Қытай арасындағы сауда соғысының күшеюі ғалам экономикасына кері әсер етіп, энергетикалық шикізатқа сұранысты төмендетеді деген қауіп бар.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу