Әлемде мұнай бағасы күрт арзандап кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлемде мұнай бағасы күрт арзандап кетті

12.07.2018

Соңғы мәліметке қарағанда, бұл энергетикалық шикізаттың «Брент» маркасы бірден 7 пайызға жуық құнсызданып, оның баррелі 73.40 долларға сатылып жатыр.

Оған Ливия үкіметінің әлемдік нарыққа мұнайды бұрынғыдан көп шығаратыны туралы мәлімдемесі түрткі болған.

Соңғы кездері көмірсутегінің бағасы бірнеше ай қатарынан өсім көрсетті. Дегенмен, АҚШ президенті Дональд Трамптың Иранға қайта санкция жариялауы және Америка мен Қытай арасындағы сауда соғысының күшеюі ғалам экономикасына кері әсер етіп, сұранысты төмендетуі мүмкін. Айта кету керек, Құрама Штаттар мен Қытай - әлемдегі ең ірі мұнай импорттаушы мемлекеттер.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу