Қытайдың «Xiaomi» акциялары 6 пайызға арзандады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайдың «Xiaomi» акциялары 6 пайызға арзандады

09.07.2018

Қытайдың «Xiaomi» смартфон жасаушы компаниясының биржадағы алғашқы қадамы сәтсіз болды. Оның бүгін бірінші рет Гонконг қор нарығына шығарылған акциялары бірден 6 пайызға арзандап кетті. Өйткені, инвесторлар компания құны тұрақты болатынына күмән келтірген. Бұған қоса, Қытай индекстері Бейжің мен Вашингтон арасындағы сауда соғысына байланысты да төмендеп отыр.

Айта кетсек, «Xiaomi» телефон жасаудан қазір әлем бойынша төртінші орында тұр.

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

 

Хабарламаларға жазылу