Жапонияда кемінде 100 адамның өмірін жалмаған су тасқыны болды. Тағы 50-і із-түзсіз жоғалып кетті. Оқиға елдің батыс бөлігінде болған. Мұнда тасқынмен бірге лай көшкіні де жүрген. Су деңгейінің тез көтерілгені соншалық кейбір тұрғындар үйлерінен шығып үлгермей, тірідей суға батып, балшық астына көмілген. Құрбандардың көбі Хиросима префектурасында тіркелді. Бұл жерде бейсенбіден бері жауын тоқтамай тұр. Тасқын кезінде жүздеген үй бұзылып, 1 жарым миллионнан астам адам үйлерін тастап кетті. Тағы 4 миллион тұрғынға көшу туралы кеңес берілді.
Жапон билігінің айтуынша, бұл жолғы су тасқыны 2011 жылғы цунамиді есептемегенде ең ірі табиғи апат болуы мүмкін. Қазір елде төтенше жағдаймен күреске жедел штаб құрылып, 54 мыңдай құтқарушы, өрт сөндіруші, әскер және полиция қызметкері тартылған.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.