«Теңізшевройл» компаниясының өкілдері Шығыс Қазақстан облысын аралады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Теңізшевройл» компаниясының өкілдері Шығыс Қазақстан облысын аралады

04.11.2014
«Теңізшевройл» компаниясының өкілдері Шығыс Қазақстан облысын аралады

Шығыс Қазақстан облысы мен «Теңізшевройл» компаниясы арасындағы байланыс одан әрі нығаяды.

Бұл туралы өңірге арнайы сапармен барған серіктестік басшылары айтты.

Алдымен делегация мұнай-газ саласына қажетті өнім шығаратын бірқатар зауыттың жұмысымен танысты.

 Бұдан соң арнайы жиынға қатысып, Шығыс Қазақстан аумағындағы кәсіпорындармен байланысты одан әрі нығайту, өңірдің экономикасын дамыту, отандық тауарларды сатып алу мәселелерін талқылады.

 Кездесу барысында облыс әкімі Бердібек Сапарбаев келген қонақтарға аймақтың индустриялық және аграрлық әлеуетін таныстырды.  

 

Берік КӨШЕРБАЕВ

Хабарламаларға жазылу