Ауғанстанда тәртіпсіздік кезінде 9 адам жараланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауғанстанда тәртіпсіздік кезінде 9 адам жараланды

05.07.2018

Ауғанстанның Фарьяб провинциясында президент Ашраф Ғани мен өзбек генерал Әбдул Рашид Дустумның жақтастары қақтығысып, 1 адам қаза тапты, тоғызы жараланған. Бұл оқиға елдің солтүстігіндегі Майман қаласында болды.

Демонстранттар Дустумға жақын полиция басшысы Низамуддин Қайсариді тұтқыннан босатуды талап еткен. Мұның соңы үлкен жанжалға ұласты. Вице-президент қызметін атқаратын Дустумның өзі Түркияға кетуге мәжбүр болған.

Айта кетсек, бұл провинцияға кейінгі кездері «ДАИШ» қарулы тобы аяқ басып, үкімет жақтастарымен соғыс жүргізіп жатыр.

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу