Ұлыбританияның Эйсбери қаласында есінен танып қалған екі адам табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлыбританияның Эйсбери қаласында есінен танып қалған екі адам табылды

04.07.2018

Полиция мұны «ауыр оқиға» деп атап отыр. Зардап шеккен ер адам мен әйелдің жасы 40-тан асқан. Олар сенбі күні тұрғын үйден табылған. Дәрігерлердің сөзінше, бұл жұп белгісіз заттың әсерінен осындай жағдайға ұшыраса керек. Қазір тергеу жүріп жатыр.

Айта кетсек, Эйсбери наурыздың 4-де ресейлік агент Сергей Скрипаль мен оның қызы Юлия ұланған Солсбери қаласынан солтүстікке қарай 11 шақырым жерде орналасқан.

 

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу