Қытайдың орталық және оңтүстік провинцияларында жаңбыр құйып, су тасып, мыңдаған адам үйлерін тастап кетті. Мұны бүгін елдің мемлекеттік ақпарат құралдары хабарлады. Соңғы мәліметке қарағанда, Сычуань провинциясының Чэнду қаласында 9,5 мыңдай тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді. Ал, Цзянси провинциясындағы кейбір қалаларының көшелерін топан су жайлап, көлік қатынасы қиындап отыр.
«CCTV» телекомпаниясының хабарлауынша, алдағы күндері елдің көптеген аудандарында төпелеп жауын жаууы мүмкін.
Арыстан РЫСБЕК
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.