«KEGOC» АҚ 25 миллион акциясын сатылымға шығарады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«KEGOC» АҚ 25 миллион акциясын сатылымға шығарады

04.11.2014
«KEGOC» АҚ 25 миллион акциясын сатылымға шығарады

5-қарашадан бастап,  бір ай бойы «Халықтық IPO» бағдарламасы аясында «KEGOC» компаниясының акцияларын сатып алуға өтініштер қабылданады.

Бұл туралы бүгін «KEGOC» АҚ басқарма төрағасы  Бақытжан Қажиев мәлімдеді.

Оның айтуынша, бұл ретте жеке инвесторларға, яғни, республика азаматтарына басымдық беріледі.

14 мың акцияға дейін өтініш берген барлық сұраныс толық қанағаттандырылады.

Сонымен қатар, брифингте компанияның стратегиялық жобалары туралы сөз болды. 

 

Ләззат БЕКТАС

 

 

 

Хабарламаларға жазылу