АҚШ-та газет редакциясын қанға бөктірген Джаррод Уоррен Рамосқа адам өлтірді деген айып тағылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-та газет редакциясын қанға бөктірген Джаррод Уоррен Рамосқа адам өлтірді деген айып тағылды

29.06.2018

АҚШ-тың Мэриленд штатының Аннаполис қаласында газет редакциясын қанға бөктірген Джаррод Уоррен Рамосқа адам өлтірді деген айып тағылды. Сонымен қатар, шабуылшының осы медиа ұйымға «жалған ақпарат таратты» деп кінә таққаны, онымен жауласқаны, соттасқаны, журналистеріне «Твиттер» арқылы сес көрсеткені анықталып отыр.

Жасы 30-дан шамасындағы Рамос бейсенбі күні «Кэпитал Газетте» басылымының жаңалықтар бөліміне басып кіріп, қызметкерлерге оқ жаудырған. 5 адам қаза тапты. Сол құрбандардың төртеуі – журналист. Оқиғадан кейін Рамос тұтқындалып, қамауға алынды.

 

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу