Еуропа одағы Ресейге қарсы санкциялар мерзімін ұзартты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуропа одағы Ресейге қарсы санкциялар мерзімін ұзартты

29.06.2018

Еуропа одағы елдерінің лидерлері Ресейге қарсы санкциялар мерзімін ұзартуға келісті. Бұл шешім алдағы күндері ресми түрде ратификацияланып, одақ мемлекеттері үшін Ресейдің банк, қаржы, энергетика секторларымен бизнес жасауға тағы алты айға шектеу қойылады.

Бұл санкциялар уақыты Мәскеу Қырымды қарамағына алып, Донбасста сепаратистерді қолдағаны үшін қабылданып, ұзартылып отыр.

Сонымен қатар, Еуропа одағы босқындар туралы келісім жасады. Ол құжатқа сәйкес, аймақ елдері мигранттарға баспана беру мәселесін қарастыратын бірлескен орталық ашып, босқындардың блок аумағында жүруін шектейді. Сондай-ақ, Еуропа одағының сыртқы шекараларында күзет күшейтіліп, аймаққа мигранттардың келуін тоқтату үшін Түркия, Марокко және Солтүстік Африка елдеріне қосымша қаржылай көмек беріледі.

 

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу