Сирияның оңтүстік-батысындағы Дераа провинциясында кемінде 45 мың адам үйлерін тастап кетті. Босқындар саны екі есеге артуы мүмкін. Мұны бүгін Женевада Біріккен Ұлттар Ұйымының Гуманитарлық істерді үйлестіру агенттігінің өкілдері мәлімдеді. Олардың сөзінше, адамдардың жаппай қашуына үкімет армиясының оңтүстік-шығысты көтерілісшілерден босату операциясы итермелеген. Агенттіктің тағы бір мәліметіне қарағанда, бұл аймақта азаматтық нысандар әуе шабуылдарына ұшырап, бейбіт тұрғындар мен балалар қаза тауып жатыр.
Арыстан РЫСБЕК
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.