Ұлыбритания патшайымы Елизавета ІІ өз елін Еуропалық одақтан шығару туралы заңды мақұлдады. Осылайша, премьер-министр Тереза Мэй «Брекситті» жүзеге асыруға монархтың келісімін алып отыр. Ал, парламенттің екі палатасы бұл құжатты өткен аптада құптады. Британияның Еуроодақтан шығуы жөніндегі келіссөздер былтыр наурыздың 29-да басталды. Мэйдің сөзінше, Біріккен Корольдік одақтан 2019 жылы наурыздың 29-да Лондон уақытымен сағат 23:00-де бөлінеді.
Арыстан РЫСБЕК
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.