Екі Корея арасында пойыз қатынауы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Екі Корея арасында пойыз қатынауы мүмкін

26.06.2018

Оңтүстік Корея мен Солтүстік Корея теміржол қатынастарын жалғастыру туралы келіссөздерді бастады. Кездесу шекарадағы Панмунджом деген ауылдың Бейбітшілік сарайында өтіп жатыр.

Болжамдарға қарағанда, егер екі жақ мәмілеге келетін болса, пойыздар Сеул мен Пхеньян арасында қатынайтын болады.

Биыл көктемде Солтүстіктің лидері Ким Чен Ын мен Оңтүстік Корея президенті Мун Джэй кездескені белгілі. Сол кезде Джэй Кимге құны 35 миллиард долларлық теміржол құрылысы бейнеленген флеш-диск табыстаған.

 

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу